Қазақстанда ауа райы +15 градусқа дейін жылынады — новости Казахстана

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн жылынады деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығының баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Вести
Мамандар мәліметінше, жақын күндері Қазақстанда ауа температурасы +15 градусқа дейін көтерілмек.
Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болуы ықтимал. Ал Солтүстік өңірде тіпті жауын-шашын жауып, бұрқасын тұрады. Осыған қарамастан термометр көрсеткіштері нөлден 5 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде.
Дәл осындай ауа райы Орталық және Шығыс Қазақстанда да сақталады.
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыста күн 5-15 градусқа дейін жылынуы мүмкін.
Қыстың суығы тек Батыс Қазақстанда ғана тұрақтамақ. Онда температура +2-13 грудстан 0-8 градусқа дейін төмендейді дейді синоптиктер.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар