Қазақстанда әскерге шақырту мен борышын өтеп жүргендерді босату уақытша тоқтатылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты жастарды әскерге шақыру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әскерСурет: asker.kz сайтынан

Бұл шешімді ҚР-дың қорғаныс министрлігі қабылдапты. 

«Қорғаныс министрлігіндегі жаңалыққа ерекше көңіл бөлгім келеді. Төтенше жағдайдың орнауына байланысты 2019 жылы көктемде әскерге шақыртылғандар жауынгерлік қызметтен босатпаймыз. Бұл жағдай жастарды әскерге шақыруға да қатысты, яғни әскери бөлімдер уақтыша жастарды отан алдындағы борышын өтеуге шақыру салмайды», — деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. 

Еске салайық, елдегі төтенше жағдай 16 наурызда жарияланған еді. Ал 19 наурыз күні Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары толығымен карантинге жабылған. 

Қазақстанда коронавирус шалдыққандардың саны 79-ға жетіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам ауруға шалдыққаны анықталған. 

 

stan.kz