Қазақстанда алғаш рет коронавирустан көз жұмғандардың мәйітіне талдау жасалды

Мамандар қандай жағдайда ауру өлімге әкелуі мүмкін екенін анықтауға тырысты

0
0

Қазақстанда алғаш рет коронавирустан қайтыс болғандардың денесіне талдау жүргізілді.

«Алматы облысында мамандар 65 адамның мәйітін тексеріп, қандай жағдайда ауру өлімге әкелуі мүмкін екенін анықтауға тырысты. Барлық жағдайларда өлімнің себебі респираторлық стресс синдромы екені белгілі болды. Қайтыс болғандардың 61 проценті қосалқы ауруы бар адамдар», – деп жазылған телеарна сайтында.

Мамандар COVID-19 жұқтырғаннан кейін қайтыс болған алматылықтардың жиі кездесетін қосалқы аурулары артериялық гипертензия және қант диабеті болғанын айтты.

Қайтыс болған 65 науқастың 41-і ер адам болса, 24-і әйелдер. Ең жас қайтыс болған адам 32 жаста, ал ең үлкені 92-де. Барлық науқастарда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды. Науқастар «өкпені жасанды желдетуге мұқтаж болды» дейді мамандар.

24.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз