Қазақстанда «Әкелер күні» мерекесі бекітілуі мүмкін

0

Қазақстанда Аналар күні және Әкелер күні бекітілуі мүмкін, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ашық НҚА» порталында заң жобасы жарияланды, оған сәйкес, Қазақстанда екі жаңа күн бекітілуі мүмкін. Мереке күндерінің тізбесіне өзгерістерді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті дайындаған.

Аналар күнін мамырдың екінші жексенбісінде, ал әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісінде атап өту ұсынылған. Бұл ұсынысты осы жылдың 5 сәуіріне дейін талқылауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Ұлттық баспасөз күнін бекіту туралы ұсыныс айтылған болатын. Ол 2 ақпанда тойланады.