Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 59 болды
Кесте бойынша Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы ұзарды.
2019 жылдың қаңтарынан бастап оның деңгейі 59 жасқа жетті. Қазіргі уақытта ерлер зейнетке 63 жасында шығады. Ал әйелдердің зейнет жасы, зейнетпен қамтамасыз ету туралы қабылданған заңға сәйкес, жыл сайын алты айға ұзарып отырады.
Бұған дейін әйелдер зейнетке 58 жаста шығатын. 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасы жыл сайын алты айға ұзарып отырады. Нәтижесінде, 2027 жылдан бастап әйелдер де ер адамдармен қатар 63 жаста зейнеткерлікке шығатын болады. Айта кетейік, қазақстандық азаматшалар қажетті соманы жинаған жағдайда 50 жасында-ақ зейнетке шыға алады. 2018 жылы бұл цифр 13,5 миллионға жеткен.