Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды

0
57

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қарттар үйіндегі ауру жұқтырғандардың барлығы 2 сәуірде қайтыс болған ер адаммен жақын байланыста болған

АЛМАТЫ, 9 cәуір – Sputnik. Ақмола облысында қарттар үйінде тағы 13 адам коронавирус жұқтырды. Ең қарт науқас 99 жаста, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жағдайы туралы хабарлады. 9 сәуірде өңірде 13 адамнан коронавирус анықталды.

«Олардың барлығы арнайы әлеуметтік қызмет алушылар, ең қарт науқас 99 жаста. Мұның алдында байланыста болған 216 тұлға анықталып, барлық әлеуметтік қызмет алушы мен қызметкерден талдау алынды. Осы ошақтағы 34 адамда COVID-19 оң нәтиже көрсетті, оның ішінде 1963 жылы туған орталық қызметкері бар», – делінген хабарламада.

Ауру табылғандардың барлығы 2 сәуірде қайтыс болған 73 жастағы ер адаммен жақын байланыста болған немесе науқаспен байланыста болуы мүмкін адамдар.

Естеріңізге сала кетейік, 73 жастағы ер адамнан коронавирус қайтыс болғаннан кейін анықталған. Ол қарттар үйін жеті жыл паналаған.

Ал 8 сәуірде 1929 жылы туған пациенттің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол да ауру жұқтырғандармен байланыста болған.

Әлеуметтік мекеме Ақмола облысының Малотимофеевка ауылында орналасқан, ол Нұр-Сұлтаннан шамамен 20 шақырымда тұр.

Тағы оқыңыз: Коронавирусты 48 сағат ішінде емдейтін дәрі табылды

Ақмола облысында үш адам аурудан қайтыс болды, оның біріншісі Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны.

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 759 адамға жетті. 55 адам сауықты, жеті адам қайтыс болды.



sputniknews.kz