Қазақстанда 91 жастағы қария коронавирустан көз жұмды

0
24

Қазақстанда қауіпті вирустан осымен жетінші пациент қайтыс болды. Науқас – Ақмола облысының 1929 жылғы тұрғыны

АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Науқас 1929 жылы дүниеге келген.

Осылайша Қазақстанда індеттен көз жұмғандар саны жеті адамға жетті.

Бұдан бөлек, 8 сәуір сағат 13:45-тегі жағдай бойынша, инфекция жұқтырған тағы бес адам тіркеліп отыр.

«Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында– 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам», делінген хабарламада.

Республика бойынша 709 адам вирус жұқтырды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 222 адам
  • Алматы қаласында – 119
  • Қарағанды облысында – 55
  • Ақмола облысында – 43
  • Атырау облысы – 36
  • Жамбыл облысында – 45
  • Шымкент қаласында -20
  • Шығыс Қазақстан облысында – 6
  • Алматы облысында – 10
  • Ақтөбе облысында – 11
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 25
  • Павлодар облысында – 1
  • Маңғыстау облысында – 6
  • Қызылорда облысында – 72
  • Батыс Қазақстан облысында – 2
  • Түркістан облысында – 33
  • Қостанай облысында – 3.

Соңғы ақпарат бойынша, елімізде 53 адам аурудан айықты, жеті науқас қайтыс болды.



sputniknews.kz