Қазақстанда 80 мың теңгеге өмір сүруге бола ма? — Қаржы Министрі жауап берді

0

Қазақстанда кітапханашылардың ең төменгі жалақысы айына 80 мың теңге. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев дәл осы жалақыға өмір сүруге болатынын айтты. 

«Қиын, түсініктеме бере алмаймын. Мен тағы да айтамын, егер мұндай мүмкіндік болса (жалақыны көтеру), біз қолдауға дайынбыз. Бірақ қазір инфляция деңгейімен күресуіміз керек» деді министр.  

Оның айтуынша, мемлекет бюджет қызметкерлерінің жалақысын әзірге көтере алмайды. Бірақ егер кірістер мүмкіндік берсе, кітапханашылардың жалақысы көтеріледі.

ақпарат: Orda.kz

фото: zakon.kz