Қазақстанда 70 мыңға жуық кәсіпкер салықтан босатылады — Қазақстан жаңалықтары

0

70 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер жыл соңына дейін 10% жеке табыс салығын төлемейді. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елде салықтық рақымшылық жүріп жатыр: Ол кімдер үшін

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үкімет шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін бірқатар салықтық ынталандырулар әзірледі.

«Мүлік салығынан уақытша босату, салық берешегі бойынша өсімпұлды тоқтата тұру . Сондай-ақ, жыл соңына дейін жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлердің 10 пайыздық ЖТС босату ұсынылады», — деді Ералы Тоғжанов.

Салық жеңілдіктері Қазақстанның 70 мыңға жуық кәсіпкерлеріне қатысты болады. Үкімет мүшелерінің пікірінше, бұл шаралар қаржылық жағдайы нашарлаған бизнесмендерді қолдауға мүмкіндік береді.

 

stan.kz