Қазақстанда 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

0

2018 жылғы 5 желтоқсан 20:17 27

Қазақстанда 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 6 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де «Мариотт» қонақ үйінде Әйел және отбасылық-демографиялық саясат істері бойынша Ұлттық комиссияның қолдауымен ынтымақтастық арқылы отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша халықаралық конференция басталады.

Сағат 09.00-де  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының азаматтық секторы жаңа заңнама форматында» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастайды.

Сағат 09.00-де «Астана-Хаб» ІТ-старттары Халықаралық технопаркі базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ІТ-бірлестіктердің өкілдерімен «Ашық есік күнін» өткізеді.

Сағат 09.30-да «Қазақстан» Орталық концерт залында «Қазақстанның жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогқа қосқан үлесі» атты республикалық конференция басталады.

Сағат 09.30-да Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде қазақ тіліндегі мазмұнды жасаушылардың ІІІ форумы өтеді.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Мәжілісте «Жаңартылатын энергетика — «жасыл» экономиканың даму келешегінің бағыты» конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де «Қазақстанның цифрлы трансформациясы: жолдың бастауы» дөңгелек үстелі өтеді.

Сағат 11.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросында брифинг өтеді.

Сағат 11.00-де «Нұр Әлем» Ұлттық павильонында Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздары — дарынды балалармен кездеседі.

Сағат 11.00-де Назарбаев Университетінің кітапханасы және Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі  Korean Corner — Корея бұрышының ресми ашылу рәсімі өтеді.

Сағат 11.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залының салтанатты ашылу кеші өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу бойынша 2018 жыл нәтижелеріне арналған баспасөз маслихаты өтеді.

Сағат 14.00-де Бейжің Palace Soluxe Hotel Astana қонақ үйінде Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының Үздік қолжетімді технология қағидаттарына өтуі: мәртебесі мен перспективалары» атты халықаралық конференция өткізеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Халық Коммунистері» фракциясы кеңейтілген отырыс өткізеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының үш жылдық қорытындысы бойынша көрме өтеді.

Сағат 15.40-да «RITZ-CARLTON» қонақ үйінде «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» байқауының жүлдегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі. Іс-шараны ҚР Қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырады.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде 16 жастан бастап медициналық қызметтерге қолжетімділік бойынша дөңгелек үстел өткізіледі. Спикер — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан мал шаруашылығының даму бағдарламаларына арналған  баспасөз маслихаты өтеді.

 

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Atakent Park Hotel» қонақ үйінде «Best Western Plus» IІI Орталық-Азиялық агротехнологиялық саммиті өтеді.

Сағат 09.00-де Қазақстан ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының Аграрлық сектор бағыты бойынша комиссиясының отырысын өткізеді. Онда Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері, оларды шешу жолдары және оларды шешу жолдары талқыланады.

Сағат 10.00-де «Бизнес-Сити» тұрғын үй орталығының мәжіліс залында Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңесінің «Алматы Су» РМҚ-ның тарифтік саясаты бойынша отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында Алматы қаласының бастауыш партия ұйымдарының басшылары үшін оқыту семинары өткізіледі. Онда ішкі саясатты басқару, тиімді коммуникация және т.б. мәселелер талқыланады.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Құс еті саласындағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың күшін жою» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.00-де Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұсынысы бойынша Халық банкінің автотұрағында мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар 133 баланы тәрбиелейтін Арнайы мамандандырылған №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы көліктер тапсырылады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11.15-те «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай өткізілетін Ақмола облыстық «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы басталады. Оған облыс әкімі Мәлік Мырзалин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов қатысады.