Қазақстанда 5 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу
2018 жылғы 4 желтоқсан 20:20 89
АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 5 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 09.30-да «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия өңіріндегі туберкулезге қарсы көмек және туберкулезге трансшекаралық бақылау жүргізу» атты жоғары деңгейдегі IV өңірлік кездесу өтеді.
Сағат 09.30-да «Radisson Hotel Astana» отелінде Түркі кеңесінің жастар және спорт істері бойынша министрлердің ІІ отырысы басталады.
Сағат 09.30-да ҚР СІМ ғимаратында экстремистік идеологияларды таратудың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтеді.
Сағат 10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің отырысы басталады.
Сағат 10.00-де Көрме орталығында WorldSkills Kazakhstan чемпионаты өтеді. Оған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаттары қатысады.
Сағат 10.00-де «Думан» қонақ үйінде жабық қоғамдық аумақтар бойынша халықаралық форум ұйымдастырылады.
Сағат 10.00-де Сенатта Халықаралық қарым-қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен Қазақстанның киберқауіпсіздігіне арналған «Қазақстан киберқорғаныс» тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелерін талқылайды.
Сағат 10.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында патриоттар форумы өткізіледі. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады.
Сағат 10.30-да Сенатта аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауыл аумақтарын дамыту бойынша комитет бірнеше заң жобасын талқылайды.
Сағат 11.00-де «Қазжол» қонақ үйінде 15-19 жас аралығындағы жастардың репродуктивті денсаулығына қатысты жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жарияланады.
Сағат 11.00-де «Барыс-Арена» мұз айдынында «Барыс» хоккей командасының әнұранын таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 15.00-де Әділет министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің «Сот сараптамасын нығайту» жобасын жүзеге асыру мақсатында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті шетелдік серіктестермен бірлескен халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырады.
Сағат 15.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысы өтеді.
Сағат 16.00-де Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Түркияның жастар және спорт министрі М.Касапоглумен, Әзербайжанның жастар және спорт вице-министрі И.Исмаиловпен, Жастар және спорт істері бойынша мемлекеттік агенттіктің директоры К.Аманқұловпен және Түркі кеңесінің Бас хатшысы Б.Әміреевпен кездеседі.
Сағат 16.00-де Назарбаев орталығында «Алтын тобылғы» Республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізіледі.
Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі тағам қауіпсіздігіне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
Сағат 19.00-де «Керуен» СОО Kinopark 7 IMAX Keruen кинотеатрында «Шақылдақ және төрт патшалық» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де Достық үйінде ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты комитеті «Тарихи сананы жаңғырту алдындағы ғылым мен гуманитарлық білімнің жаңа көкжиектері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Сағат 10.00-де SmArt.Point-та Centras Venture Day шарасы ұйымдастырылады. Шараның негізгі тақырыбы — «Корпоративті инновациялар».
Сағат 10.00-де Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨУ-де Тұңғыш Орталық Азиялық деректі фильмдер форумының ашылуы өтеді.
Сағат 11.00-де 28 панфиловшылар бағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Астана-Алматы» марафонының ақтық кезеңі өтеді.
Сағат 11.00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «2018 жылғы сумен қамту бойынша жұмыс қорытындысы, тарифтер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Сағат 11.00-де Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ғимаратында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес отырысы басталады.
Сағат 11.00-де Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨУ-да «Желтоқсан» студенттік көрмесі ашылады.