Қазақстанда 5 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 5 – 10 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

5 мамырға жоспарланған шаралар  

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, экономиканы қолдау шаралары (PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн трансляция жасалады). Қосымша ақпаратты 74-54-91 телефоны арқылы алуға болады).

11:00 – «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің өкілдері жүргізіліп жатқан COVID-19 диагностикасының түрлері туралы әңгімелейді және сұрақтарға жауап береді. Онлайн-брифингке «ОЛИМП» КДЗ желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов, «ОЛИМП» КДЗ маркетинг және инновациялар жөніндегі директоры Алексей Балась, «ОЛИМП» КДЗ желісінің product- маманы, аллерголог-иммунолог Оксана Үсенова қатысады. Іс-шара ZOOM бағдарламасы арқылы бейнеконференция   форматында өтеді.

12.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Толғанай Бөкеш дайындаған «Қазақстанның ежелгі қалаларының мәдениеті»онлайн-дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

15.00 — Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіпті дағдарысқа қарсы қолдау мәселесіне арналған онлайн- баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова, «Семирамида тігін фирмасы» ЖШС директоры Наталья Ахшабаева, «MIMIORIKI» ЖШС директоры Инна Апенко, «КазСпо-Н» ЖШС директоры Елена Свечникова (Қазақстан баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында трансляция жасалады. Сұрақтарды 8 701 749 02 00 WhatsApp нөміріне жіберуге болады).    

17.00 — Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахналайтын «Алпамыс» спектаклінің онлайн көрсетілімі (театрдың Youtube каналында трансляция жасалады).

21.00 – «Карантиндегі жұлдыз» жобасының аясында Forte Trio мемлекеттік триосының онлайн-концерті. Осы кеште белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыргөзов топпен бірге өнер көрсетеді («Қазақтелеком» АҚ Youtube каналында трансляция жасалады).

6 мамырға жоспарланған шаралар

16.00 – «Екінші дүниежүзілік соғыс: ортақ ерлік – ортақ естелік» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы. Шараны «Хабар» агенттігінің қолдауымен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларына объективті талдау жасау. Шараға қатысатын елдер: Қазақстан, Нидерланды, Франция, Жапония, Ресей, Беларусь, АҚШ, Түркия, Үндістан, Аргентина, Иран, Пәкістан. Олардың қатарында еуропалық Әлем мәселелерін зерттеу қауымдастығының мүшесі, профессор Хендрик Буллинс (Нидерланды), Жапониядағы СА9 қозғалысының негізін қалаушы доктор Клаус Шлихтман,  «Қару-жарақ өндірісі және қарусыздандыру бағдарламасы» CIPRI бас төрағасы Од Флеран (Франция), Әлемдік азық-түлік ұйымы президентінің кеңесшісі Джордж Кент (АҚШ), ЕҰУ іздеу отрядының жетекшісі Майдан Құсайынов және көптеген өзге де әлемдік сарапшылар бар (Шара Zoom платформасында онлайн өтеді. Аккредитация және сілтеме алу нөмірі: +7 (702) 36 36 005).

21.00 – «Карантиндегі жұлдыз» жобасының аясында әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның онлайн-концерті («Қазақтелеком» АҚ Youtube каналында трансляция жасалады).

7 мамырға жоспарланған шаралар

09.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулдығымен бірлесіп дайындаған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Алматыдағы мәдени эвакуация» дәрісі (Консулдықтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында трансляция жасалады).

12.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Бибіткүл Әбірова дайындаған «Кимешек ұлттық бас киімін түрлендіру» онлайн-дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парағындағы трансляция жасалады).

20.00 – «Астана Балет» театры сахналайтын «Ұлы дала мұрасы» бағдарламасының онлайн трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).  

8 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Виолетта Вологотская дайындаған «Суретші Павел Кузнецовтың шығармашылығы» бейне дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

9 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкерлері Жеңіс күніне орай дайындаған виртуалды көрме. Музей қорынан алынған графикалық, бейнелеу және мүсін туындылары жұрт назарына ұсынылады (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

14.00 — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қазақстандық суретші Анатолий Горовых туралы видео дәріс, оны суретшінің немересі, Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Ольга Горовых оқиды (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).   

17.00 — Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің музыканты, суырып салма ақын, домбырашы Андрей Фендриковпен бірлесе дайындаған, Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламасы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

20.00 – «Астана Балет» театры сахналайтын  «Жусан» бір актілі балетінің онлайн-трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).

10 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Наталья Баженова өткізетін «Бисероплетение» бейне сабағы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz