Home Жаңалықтар Қазақстанда 5 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

Қазақстанда 5 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
42

Sputnik Қазақстан 5 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 6-15 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

5 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Қазағым-ай» концерті ұйымдастырылады. Кеш кезінде Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, Ерболат Шалдыбеков, Дінисламбек Жайлаубай, Ақерке Тәжібаева, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан, Күнсұлу Түркпен, Нұрлытаң Ермек және тағы басқа орындаушылар сахнаға шығады («Қазақстан» ОКЗ, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

19.30 – Симфониялық музыка кеші өтеді. Концерт кезінде Нұр-Сұлтан әкімдігіне қарасты Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі өнер көрсетеді (Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Республика даңғылы, 2).

АЛМАТЫ

Әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты (екінші тур). Чемпионақта бес команда қатысады. Олар: «Айсұлу» (Алматы), «Барс» (Алматы облысы), «Жұлдыз» (Алматы), «Томирис» (Нұр-Сұлтан), «Торпедо» (Өскемен). (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 44. Байланыс телефоны: +7 777 481 47 47).

6 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10:00 – парламент сенатының жалпы отырысы (сенат отырысының залы).

2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің «Н» тобындағы кездесулер («Барыс Арена» мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57)

15:00 – Польша – Нидерланды

19:30 – Украина – Қазақстан

АЛМАТЫ

10.00 – «Шыны бағы» атты Чехияның көркем шыны бұйымдарының көрмесі. Көрмеге кезінде әлемге танымал шыны шебері Иржи Пачинеканың 30 жұмысы шығарылады. Көрме 1 наурызға дейін жалғасады. (Қастеев атындағы өнер музейі, «Көктем 3» шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 727 394 57 15).

7 ақпанға жоспарланған шаралар

2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің «Н» тобындағы кездесулер («Барыс Арена» мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57)

15:00 – Польша – Украина

19:30 – Қазақстан – Нидерланды

АЛМАТЫ

18.00 – «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылады (Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Назарбаев даңғылы, 43. Байланыс телефоны: +7 700 246 35 30).

19.00 – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» концерті. Шараға Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары Оксана Давыденко, Венера Алпысбаева, Салтанат Құдайбергенова және квартет Il Canto қатысады. Дирижер – Абылай Тілепберген («Кұрмангазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 727 279 14 26).

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – «Золушка» балеті сахналанады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы – Надежда Калинина («Астана Балет» театры, Ұлы Дала көшесі, 9).

9 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің «Н» тобындағы кездесулер («Барыс Арена» мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).

13:00 – Нидерланды – Украина

17:00 – Қазақстан – Польша

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

14 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, профессор мен дирижер Жалғасбек Бегендіковтың «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті («Құрмангазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы» және Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz