Қазақстанда 45 бала коронавирус жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда балалар арасында коронавирус жұқпасының 45 жағдайы анықталды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі күні балалардың арасында аурудың 45 жағдай тіркелді, олардың төртеуі айығып, үйлеріне оралды. Балалардың жағдайы жеңіл деп бағаланады», — деді Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясының тағы 20 жағдайы тіркелгені хабарланған: Шығыс Қазақстан облысында — 1 жағдай, Жамбыл облысында — 1 жағдай, Қарағанды ​​облысында — 16 жағдай, Маңғыстау облысында — 2 жағдай.

Жалпы, Қазақстан Республикасында коронавируспен ауыратындардың саны 604-ке дейін өсті.

stan.kz