Қазақстанда 36 жастағы шенеунік министрдің орынбасары болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

723 0 0

36 жастағы шенеунік Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне 36 жастағы Алмас Айдаров тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», – делінген Ақорданың ресми сайтында.

Айдаровтың өмірбаяны

Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық экономикалық қарым-қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, магистр дәрежесін алып шыққан.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында еңбек еткен. Атап айтқанда, «Инжиниринг» біріккен химиялық компаниясы» ЖШС басқарушы директоры болған. Одан кейін «Kaznex Invest» экспорт пен инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі – басқарушы директоры болып жұмыс істеген.

Тағы оқыңыз: Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады – Тоқаев

2017 жылы маусымда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы қызметте өндіріс, шағын және орта бизнес, индустриаландыру мен инвестицияларға жауапты болды.

Айдаров жедел жәрдемді не үшін шақырды

Өткен жылы мамыр айында Алмас Айдаров пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген болатын. Сол күні облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік желіде жазба қалдырып, кеудесіне пышақ жарақатының қалай түскенін түсіндірді.

Оның айтуынша, торт кескенде пышақ абайсызда кеуде тұсына тиген. Содан түнде қан аққаннан кейін жедел жәрдем шақыруға тура келген. Полицияда осы жағдай тұрмыстық жарақат ретінде тіркелген екен.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз