Қазақстанда 36 жастағы шенеунік министрдің орынбасары болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

36 жастағы шенеунік Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне 36 жастағы Алмас Айдаров тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген Ақорданың ресми сайтында.

Айдаровтың өмірбаяны

Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық экономикалық қарым-қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, магистр дәрежесін алып шықты.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында еңбек етті. Атап айтқанда, «Инжиниринг» біріккен химиялық компаниясы» ЖШС басқарушы директоры болды. Одан кейін «Kaznex Invest» экспорт мен инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі – басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2017 жылы маусымда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы қызметте өндіріс, шағын және орта бизнес, индустриализация мен инвестицияларға жауапты болды.

Айдаров жәдел жәрдемді не үшін шақырды

Өткен жылы мамыр айында Алмас Айдаров пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген болатын. Сол күні облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік желіде жазба қалдырып, кеудесіне пышақ жарақатының қалай түскенін түсіндірген.

Оның айтуынша, торт кескенде пышақ абайсызда кеуде тұсына тиген. Содан түнде қан аққаннан кейін жедел жәрдемді шақыруға тура келген. Полицияда осы жағдай тұрмыстық жарақат ретінде тіркелді.



sputniknews.kz