Қазақстанда 307 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

0

Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі Алматы қаласында тіркелді. Ал республика бойынша аталған дертке шалдыққандар саны 6 157 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 307 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Коронавирус жағдайы туралы ресми сайттың дерегіне сүйенсек, өсім 5,2% құраған.

«Еліміз бойынша 6 157 адамнан коронавирус жұқтырғаны анықталса, оның 2 980-і сауығып шықты. 34 адам COVID-19 салдарынан көз жұмды. Соңғы тәуікте Қазақстанда 307 азаматтың індет жұқтырғаны расталды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Аймақтар бойынша:

  • Алматы қаласы — 93 (5,4%);
  • Шымкент қаласы — 77 (28,6%);
  • Атырау облысы — 35 (6,9%);
  • Нур-Султан қаласы — 32 (2,7%);
  • Батыс Қазақстан облысы — 22 (7,6%);
  • Қарағанды облысы — 13 (5,9%);
  • Ақмолы облысы — 9 (7,8%);
  • Түркістан облысы — 6 (3,1%);
  • Маңғыстау облысы — 6 (4,1%);
  • Алматы облысы — 5 (2,5%);
  • Ақтөбе облысы — 4 (1,8%);
  • Қостанай облысы — 2 (2,6%);
  • Жамбыл облысы — 2 (1,0%);
  • Шығыс Қазақстан облысы — 1 (1,8%).

 



sputniknews.kz