Қазақстанда 3 пойыз бағыты тоқтатылды

0

Елде 3 пойыз бағыты уақытша тоқтатылды.

Олар: елордадан Атырауға қатынайтын №19/20 бағыты, бас шаһардан Орал қаласына баратын №95/96 және Алматы-2 станциясынан «Нұрлы жол» вокзалын жалғайтын №701/702 бағыттары.

Аталған бағыттар тек Тальго пойыздарына қатысты. Сондықтан бұл шектеу шарасы карантиндік емес, коммерциялық болып саналады.

Жолаушылар тарапынан сұраныс артқан кезде ғана аталған бағыттар қайта іске қосылады. Азаматтардың алдын ала сатып алған билет құны толық өтеледі.