Қазақстанда 29 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 29 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 30 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

29 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ
16.00 – Мұрат Мұтырғановтың қайырымдылық кеші. Шоуға танымал әртістер – клоундар, акробаттар, гимнастар, бишілер мен әншілер қатысады (Республика сарайы).

17.00 — Болат Аюханов театрының концерті. Кеште классикалық балеттің үздік туындылары орындалады. Концертке Гүлнәр Қамалова, Айнұр Мұқашева, Анна Бурлова, Мәди Қасымов, Дияр Акенев, Марат Оралбаев және тағы басқа театрдың жетекші солистері қатысады (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы).

18.00 — Кәсіпқой бокс кеші («Форум» СОО, Сейфуллин даңғылы, 617).

18.30 – фортепианошы, АҚШ, Италия және Францияда өткен халықаралық жарыстардың лауреаты Жанар Сулейманованың кеші өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

30 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы (Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

12:20 – ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР президентінің жолдауын іске асыру аясында аса ауыр қылмыстарға қатысты заңнаманы қатаңдату шараларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Қанат Мусин қатысады (БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша хабарласуға болады)

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 –»Хор Турецкого» арт-группасының концерті (Республика сарайы).

3 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 — «Ледяное сердце-2» атты шоу. Оған кәсіби фигуристер қатысады (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «В поисках Деда Мороза» жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

15.00 – «Трансформеры в поисках планеты» жаңа жылдық шоуы өтеді («Астана» концерт залы (бұрынғы «Конгресс-Холл»). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен «Астана Опера» хорының гала-концерті өтеді («Астана Опера» театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz