Қазақстанда 29 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 29 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 30 қыркүйек пен 1 қазанда не жоспарланғанын біле аласыз

29 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Жексенбі күнгі жаттығулар. «Самопревосхождение» клубы жүгіру жақсы көретін тұрғындарды бірігіп жаттығу жасауға шақырады («Толқын» спорт кешені, Тәуелсіздік даңғылы, 2. Байланыс телефондары: +7 708 144 59 21).

10.00 – IMBPA және IPAF бойынша Ақмола облысының чемпионаты өтеді. Шара Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Оған 60-тан астам спортшы қатысады. Чемпионатта IMBPA және IPAF, IPAF, WAA қазақстандық қауымдастығының президенті Жабар Богжанов Гиннес рекордын орнатуды жоспарлап отыр (Hammer Legend фитнес клубы, Түркістан көшесі, 10. Байланыс телефондары: +7 747 984 11 30).

12.00 – «В театр приглашают дети» концерті өтеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефондары: +7(7172) 709 619).

АЛМАТЫ

10.00 – 8-12 жас аралығындағы балалар үшін әуесқойлар арасында «VeloFriends Junior – 2019» веложарыс ұйымдастырылады. Спорттық шара халықаралық көліксіз күн датасына орайластырылған («Авиатор» стадионы, Майлина көшесі, 42/1. Байланыс телефондары: +7 708 653 07 75).

30 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – IOSCO эгидасы аясында World Investor Week атты ислам қаржы аптасы салтанатты түрде ашылады («Астана» халықаралық қаржы орталығының бюросы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/23, EXPO павильоны C4.4. Аккредитация а[email protected] электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

Бизнес қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні. Бұл күні мемлекеттің өңірлік бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алында тексеріс барысында жиі кездесетін қателіктер жайында, заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндайды. Есеп беру күні 30 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады (Нұр-Сұлтан әкімдігі, Бейбітшілік көшесі, 11. Байланыс телефондары +7 (7172) 55 69 16, 55 69 10, 55 69 03).

19.30 – Континенталды хоккей лигисының 2019-2020 маусымы аясында «Барыс» (Нұр-Сұлтан) және «Красная звезда – Куньлунь» (Пекин) арасында матч өтеді («Барыс-Арена», Тұран даңғылы, 25. Байланыс телефоны: +7 (7172) 61 35 19).

1 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Kazakhstan Security Systems атты қауіпсіздік және азаматтық қорғанысына арналған көрме-конференция өтеді (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны+7(7172)64 23 23 (208 ішкі)).

15.00 –Трансформерлер шоуы өтеді («Нұр Әлем» павильоны).

19.00 – Музыка күніне орай «Творцы вечных ценностей» атты концерт өтеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 709 619).

2 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Промстрой-Астана 2019» атты XX қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Испания, Италия, Қытай, Солтүстік Кипр, Украина және Швейцарияның кәсіпорындары қатысады («Көрме» кешені, Байланыс телефондары: +7 (7172) 50 73 29).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз