Қазақстанда 28 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
15

Sputnik Қазақстан агенттігі 28 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 29 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

28 желтоқсанға жоспарланған шаралар

Жалпыұлттық аза тұту күні

29 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

16.00 – Мұрат Мұтырғановтың қайырымдылық кеші. Шоуға танымал әртістер – клоундар, акробаттар, гимнастар, бишілер мен әншілер қатысады (Республика сарайы).

17.00 – Болат Аюханов театрының концерті. Кеште классикалық балеттің үздік туындылары орындалады. Концертке Гүлнәр Қамалова, Айнұр Мұқашева, Анна Бурлова, Мәди Қасымов, Дияр Акенев, Марат Оралбаев және тағы басқа театрдың жетекші солистері қатысады (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы).

18.00 – Кәсіпқой бокс кеші («Форум» СОО, Сейфуллин даңғылы, 617).

18.30 – фортепианошы, АҚШ, Италия және Францияда өткен халықаралық жарыстардың лауреаты Жанар Сулейманованың кеші өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

30 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы (Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары арқылы немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 –»Хор Турецкого» арт-группасының концерті (Республика сарайы).

3 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – «Ледяное сердце-2» атты шоу. Оған кәсіби фигуристер қатысады ( Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «В поисках Деда Мороза» жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

15.00 – «Трансформеры в поисках планеты» жаңа жылдық шоуы өтеді («Астана» концерт залы (бұрынғы «Конгресс-Холл»). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен «Астана Опера» хорының гала-концерті өтеді («Астана Опера» театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз