Қазақстанда 28 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 28 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 29 ақпан – 7 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

28 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» тақырыбында парламент тыңдауы өтеді (Қазақстан парламенті сенаты).

19.00 — Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әндері» концерті өткізіледі («Астана» концерт залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 75 23 83).

АЛМАТЫ

19.00 – OPERA GALA шығармашылық жобасының премьерасы болады. Шара кезінде Астана Опера және Абай атындағы мемлекеттік академиялық театр солистері бірлесіп өнер көрсетеді. Олар Джоаккино Россини, Гаэтано Доницетти, Жорж Бизе, Шарль Гуно және тағы басқа танымал композитор шығармаларын орындайды. Өтетін жері: Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы (Қалдаяқов көшесі, 35). Байланыс телефондары: +7 (747) 134 04 99, aurorapr.me@gmail.com.

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 — «Астанадағы музыкалық кездесулер» концерті ұйымдастырылады. Шарада Ресейдің Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясына қарасты орталық музыка мектебінің шәкірттері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, сахнаға скрипкашы Абылай Нұрлыбек пен пианиношы Әлия Асанова шығады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 — «Astana Ballet presents» жобасы өтеді. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді — «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы өткізіледі. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

10.00 – Central Asia Textile Carpet & Flooring тоқыма бұйымдар көрмесі ұйымдастырылады («Атакент» көрме орталығы).

12.00 – «Біз Алматы» жобасының жабылу фестивалі болады. Фестиваль күні бойы жалғасады және бірнеше зонаға бөлінеді (Q-lab қалалық жобалар зертханасы, Абай даңғылы, 90).

15.00 – «Дарим радость — просто так» мерекелік концерті өтеді (Республика сарайы. Аккредитация +7 701 128 0802 телефоны бойынша жасалады).

1 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 — Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған симфониялық музыкалық концерт өткізіледі. Концертте Чайковский мен Сен-Сенс әуендері орындалады. Концерттің бірінші бөлімінде №3 Сен-Сэнстің скрипка концерті қойылады. Бұл скрипкашы әрі композитор Пабло де Сарасате үшін жазылған. Концерт солистің техникалық тұрғыдан күрделі болуымен ерекшеленеді, сондай-ақ №3 концерт Сен-Сенс жазған ең танымал концерт. Бұған қоса, бағдарлама барысында Чайковскийдің скрипка мен оркестрге арналған меланхолиялық серенадасы орындалады. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

6 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 — Қазақстан — Нидерланды арасында Дэвис кубогінің іріктеу матчы болады. Дэвис кубогі – ғасырлық тарихы бар ерлер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Қазақстанның ерлер командасы Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018) сынды беделді командаларды жеңіп, турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. 2019 жылы Португалия құрамасын жеңгеннен кейін біздің команда 18-24 қарашада Мадридте жаңа форматта өткен Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жетті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойын күнінде Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ ақтық кезеңге шыға алмады. Ұлыбританиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 6 және 7 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен тағы да кездеседі. Бұл Дэвис кубогінің финалына шығу үшін жақсы мүмкіндік («Дәулет» СК, Тұран даңғылы, 4/2. Байланыс телефондары: +7 (702) 947 80 53, +7 (776) 153 79 78).

19.30 – «Астана Балет» астаналық театры жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-балет сахналанады («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

7 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – Пан-кавказдық жастар оркестріне қатысу үшін Қазақстанның талантты жас музыканттары конкурстық тыңдау және іріктеуден өтеді. Қазақстаннан басқа Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина және Түркияның жас музыканттары арасында тыңдау өткізіледі. Көрмеге 18-28 жас аралығындағы симфониялық оркестрдің барлық аспабында өнер көрсететін жас музыканттар қатыса алады. Тыңдауға өтініштер 6 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады (Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория. Байланыс телефоны: +7 (995) 32 22535 81/82/83, e-mail: info@tsinandalifestival.ge).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz