Қазақстанда 27 шілдеде қандай шаралар болады

0

Sputnik Қазақстан 27 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 28 және 29 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді. Акция аясында Есіл мен Қарасу өзендерінің жағасы тазаланады. Шараға қатысушылар Бауыржан Момышулы даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Astana Music Hall мейрамханасының алдында жиналады (Байланыс телефондары:+7 (7172) 55 67 06, +7 701 853 45 69).

12.00 – «Возьми меня домой» иесіз қалған мысықтар мен иттердің жәрмеңкесі өтеді. Шара Кенесары көшесі, 32 мекенжайы бойынша «Астана» (Конгресс холл) концерт залының маңында өтеді. Анықтама телефоны: + 7 (702) 192 22 12.

16.00 – суретші Аружан Жұмабектің бастамасымен «Ауыл пикник: Reading» шарасы өтеді. Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Воспоминания. Диалоги памяти» және Astana Art Show көрмесі аясында ұйымдастырылады (Республика даңғылы, 33, TSE Art Destination галереясы).

АЛМАТЫ

10.30 — Bolashaq Talks: «Виртуальность или реальность?» пікір алмасу кеші өтеді. Шараға блогерлер, танымал әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер, шоу-бизнес өкілдері қатысып, пікір бөліседі.

11.00 – Happy Belka Nice Fest балалар фестивалі. Шара аясында мастер-кластар, конкурстар ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ ашық аспан астында фильмдер көрсетіледі («Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы, анықтама телефоны: +7 (727) 356 07 56, +7 (778) 648 64 26).

11.00 – Сатсанг «Расширение Сознания» медитация шарасы өтеді (Горная көшесі, 433А, «Просвещенец» демалыс үйі).

28 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Жапон мәдениеті туралы HANABI аниме фестивалі өтеді (Қазмедиа орталығы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 4).

16.00 – Әйгерім Қапардың қатысуымен «Воспоминания. Диалоги памяти» экскурсиялық көрмесі өтеді. Шара Astana Art Show аясында жоспарланған (Республики даңғылы, 33а, TSE Art Destination галереясы).

АЛМАТЫ

08.30 – скайраннингтен ашық Қазақстан чемпионаты өтеді (Медеу спорт кешені, анықтама телефондары +7 707 782 77 02, +7 (727) 222 00 36).

13:00 – Book Crossing кітап айырбастау шарасы. Шараға қатысушылар сағат 13:00-14:00 аралығында белгіленген жерге келіп, кітабын үстелдің үстіне қоюы керек. Ал 14:00-де кітап айырбастау басталады («451 градус» әдебиет клубы, Жібек жолы даңғылы, 135);

29 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев қатысады (Аккредитация: +7 (7172) 74 58 64, press.kpm@mail.ru).

АЛМАТЫ

10.00 – репродуктивті денсаулық, жыныстық білім беру жас отбасыларды үлкен өмірге дайындау мәселелеріне арналған тренинг өтеді (Әл-Фараби даңғылы, 15, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, +7 (727) 311 56 63).

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

10.30 – «Газет-журналдарды дрон арқылы жеткізу» тақырыбында баспасөз туры өтеді. 2018 жылы Қазпошта Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдарға 16 тоннадан астам газет-журналды дрон арқылы жеткізді. Жоба аясында 150 елді мекен мен алты облыс қамтылған. Биыл жобаның аумағын кеңейту жоспарланып отыр. 2019 жылдың тамызынан бастап Маңғыстау облысына да газет-журналдарды дронмен жеткізе бастайды. Шара барысында «Қазпошта» АҚ мен Adrome Automation компаниясының өкілдері дронды ұшырып көрсетіп, жоба туралы толығырақ мәлімет береді (Түпқараған ауданы, Ақшүкір ауылы. Баспасөз турына қатысушыларды тасымалдау ұйымдастырылады. 09.40-та Ақтау қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның орталық бөлімінің алдына жиналу керек, 14-ші шағын аудан, 61-ші үй. Акредитация: + 7 702 814 39 66 нөмірі немесе t.amandyq@kazpost.kz электронды поштасы арқылы).



sputniknews.kz