Қазақстанда 27 сәуірден қандай кәсіпорындар жұмысын бастайтыны белгілі болды

0

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия президент тапсырмасымен карантин режимін жеңілдету мәселесін қарастырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік комиссия жұмысын жандандыратын кәсіпкерлік субъектілері қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Кәсіпорындар барлық өңірде 27 сәуірден, ал Шымкентте 1 мамырдан бастап іске қосылады. Бүкіл жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.

Жұмысын бастайтындар:

  • өнеркәсіп кәсіпорындары;
  • құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
  • көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;
  • банктер мен қаржы секторының ұйымдары.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы ауқымды өзгерістер болатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтанда қайта ашылатын орындар:

  • қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;
  • электрлік тұрмыстық техника, саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.

Алматыда мына салалардың ұйымдары жұмысын қайта бастайды:

  • көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технология салалары;
  • қаржы және сақтандыру секторлары;
  • сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).

Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.



sputniknews.kz