Қазақстанда 26 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

26 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Коронавирус инфекциясына қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары,  Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. (ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация: +7 (7172) 55 93 47 немесе [email protected]).

16.00 – «Франкофон көктемі-2020» мәдени маусымының ашылуы және Халықаралық Франкофония ұйымының 50 жылдық мерейтойына арналған баспасөз конференциясы. Спикерлер: Бельгияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаль, Египет Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Манал Ехия Эльшиннави, Канаданың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Николас Бруссо, Марокко королдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Николя Бруссо және Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид. (ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация: +7 (7172) 55 93 47 немесе [email protected])

19.00 – «Пианисты правят бал» концерті өткізіледі.  Сахнада әлемдегі әйгілі музыкалық оқу орындарының бірі Австриядағы Зальцбург университеті «Моцартеум» консерваториясының студенттері өнер көрсетеді. Әр елдің жас талантты музыканттары, сондай-ақ олардың ұстазы  профессор Андреас Гротхойзен «Пианисты правят бал» концертінде Моцарт, Шопен, Лист және басқа композиторлардың шығармаларын ұсынады. Халықаралық музыкалық құрамда Қазақстаннан халықаралық конкурстардың жеңімпазы Темірлан Бейсенбай өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасында фортепианомен жеке және дуэт болып орындау бар.  («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 – «Қазақстан тұтынушылар лигасының» баспасөз конференциясы өтеді. Іс-шарада Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2020 жылдың 24 ақпанындағы «Қазақстан Республикасы энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының күшіне енуіне байланысты электр энергиясын пайдаланудың жаңа ережелері түсіндіріледі. Баспасөз мәслихатының спикері: Қазақстан тұтынушылар лигасы қауымдастығының басқарма төрағасы Светлана Романовская (Қазақстан Баспасөз клубы, Самал-2 ықшам ауданы, 58. Аккредитация: +7 (747) 262 20 63 немесе [email protected])

14.00 – Алматының Наурызбай ауданындағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының 2020 жылға арналған жаңа бағдарламасының тұсаукесері өтеді. (Қазақстан Баспасөз клубы, Самал-2 ықшам ауданы, 58. Аккредитация: +7 (747) 262 20 63 немесе [email protected]).

27 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің IV республикалық форумы. Форум барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің орындалуы туралы 2019 жылға арналған Жол картасының нәтижелері жария етіледі. Сонымен қатар қос тарап ынтымақтастықтың жаңа бастамаларын, оның ішінде «Бірыңғай сатып алу» терезесінің (eoz.kz) жұмыс нәтижелерін және мемлекеттік органдардың барлық дерек базасымен біріктірілген кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін құру жұмыстарын талқылайды. «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының өкілдері бизнес-қауымдастыққа әсер ететін мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік өлшемі туралы айтады. Форумға ҚР «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, сондай-ақ бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. (КАЗГЮУ, Қорғалжын тас жолы, 8.  Аккредитация:  +7 (7172) 91 93 67 немесе [email protected]).

10.00 – «Көпғасырлық символизм» көрмесі болады (Ұлттық музей. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

10.00 – Бақытжан Үсембековтің зергерлік және сурет көрмесі. Тәуелсіздік сарайы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 13 91.

10.00 – Зағип және нашар көретін спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының голболдан алғашқы кубок өтеді. Сайысқа алты облыстан 40-тан астам спортшы қатысады. Іс-шараның мақсаты – спорттың осы түрін көпшілікке таныстыру. Жарыс командаларға халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік береді. 2017 жылдан бастап Қазақстанда голболдан 3 чемпионат өткізілді. (Паралимпиялық жаттығу орталығы, Қараөткел ықшам ауданы, Ақшоқы даңғылы, 2. Аккредитация: [email protected]).

10.30 – Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заңнама бойынша кеңейтілген отырыс өтеді. (Қазақстан парламенті сенаты).

19.00 – «Манон» балеті қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00 – Туристік көпсайыс бойынша Қазақстанның ашық чемпионаты ұйымдастырылады (Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, «Звездный» балалар орталығы).

АЛМАТЫ

17.00 – «Мартин Лютер Кинг: Король без королевства» фильмі көрсетіледі. Жыл сайын ақпанда АҚШ-та афро-америкалық тарих айы тойланады. Бұл мереке кейде қара тарих айы деп те аталды. Бұл күні афро-америкалықтардың жетістіктеріне және олардың АҚШ тарихындағы рөліне құрмет көрсетіледі. Достарына шынайы әңгімелерді баяндай отырып, азаматтық құқық жолындағы лидердің мінезін көрсетеді.  (American Space Almaty, Байзақов көшесі, 280).

19.00 – OPERA GALA шығармашылық жобасының премьерасы өтеді. Шара кезінде Астана Опера және Абай атындағы мемлекеттік академиялық театр солистері бірлесіп өнер көрсетеді. Олар Джоаккино Россини, Гаэтано Доницетти, Жорж Бизе, Шарль Гуно және тағы басқа танымал композитор шығармаларын орындайды. Өтетін жері: Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы (Қалдаяқов көшесі, 35). Байланыс телефондары: +7 (747) 134 04 [email protected]

28 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» тақырыбындағы парламентті тыңдауы өтеді (Қазақстан Парламентінің Сенаты).

19.00 – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әндері» концерті («Астана» концерт залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 75 23 83).

АЛМАТЫ

10.00 – Бақытжан Үсембековтің зергерлік және сурет көрмесі. Тәуелсіздік сарайы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 13 91.

19.00 – OPERA GALA шығармашылық жобасының премьерасы өткізіледі. Шара кезінде Астана Опера және Абай атындағы мемлекеттік академиялық театр солистері бірлесіп өнер көрсетеді. Олар Джоаккино Россини, Гаэтано Доницетти, Жорж Бизе, Шарль Гуно және тағы басқа танымал композитор шығармаларын орындайды. Өтетін жері: Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы (Қалдаяқов көшесі, 35). Байланыс телефондары: +7 (747) 134 04 [email protected]

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Астанадағы музыкалық кездесулер» концерті болады. Шарада Ресейдің Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясына қарасты орталық музыка мектебінің шәкірттері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, сахнаға скрипкашы Абылай Нұрлыбек пен пианиношы Әлия Асанова шығады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – «Astana Ballet presents» жобасы ұйымдастырылады. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді – «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы өтеді. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

10.00 – Central Asia Textile Carpet & Flooring тоқыма бұйымдар көрмесі («Атакент» көрме орталығы).

12.00 – «Біз Алматы» жобасының жабылу фестивалі өткізіледі. Фестиваль күні бойы болады және бірнеше зонаға бөлінеді (Q-lab қалалық жобалар зертханасы, Абай даңғылы, 90).

1 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған симфониялық музыкалық концерт өтеді. Концертте Чайковский мен Сен-Сенсенің әуендері орындалады. Концерттің бірінші бөлімінде №3 Сен-Сэнстің  скрипка концерті орындалады. Бұл скрипакашы әрі композитор Пабло де Сарасате үшін жазылған. Концерт солистің техникалық тұрғыдан күрделі болуымен ерекшеленеді, сондай-ақ №3 концерт Сент-Сенс жазған ең танымал концерт. Сондай-ақ, бағдарлама барысында Чайковскийдің скрипка мен оркестрге арналған меланхолиялық серенадасы орындалады. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

6 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – Қазақстан – Нидерланды арасында Дэвис кубогының іріктеу матчы өтеді. Дэвис кубогы – ғасырлық тарихы бар ерлер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Қазақстанның ерлер командасы Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018) сынды беделді командаларды жеңіп, турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. 2019 жылы Португалия құрамасын жеңгеннен кейін біздің команда 18-24 қарашада Мадридте жаңа форматта өткен Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жетті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойын күнінде Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ аөтыө кезеңге шыға алмады. Ұлыбританиядан 1: 2 есебімен жеңіліп қалды. 6 және 7 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен тағы да кездеседі. Бұл Дэвис кубогының финалына шығу үшін жақсы мүмкіндік. («Даулет» СК, Тұран даңғылы, 4/2. Байланыс телефондары: +7 (702) 947 80 53, +7 (776) 153 79 78).

7 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – Пан-кавказдық жастар оркестріне қатысу үшін Қазақстанның талантты жас музыканттары конкурстық тыңдау және іріктеуден өтеді. Қазақстаннан басқа Грузия, Армения, Әзірбайжан, Украина және Түркияның жас музыканттары арасында тыңдау өткізіледі. Көрмеге 18-28 жас аралығындағы симфониялық оркестрдің барлық аспаптарында өнер көрсететін жас музыканттар қатыса алады. Тыңдауға өтініштер 6 наурызға дейін фестиваль сайтында: https://bit.ly/2NdjDEh қабылданады. (Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория. Байланыс телефоны: +7 (995) 32 22535 81/82/83, e-mail: [email protected]).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз