Қазақстанда 26-28 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы
Қазгидромт жауын-шашын елдің басым бөлігінде тоқтайды деп болжанғанын хабарлады.
— Жақын күндері Қазақстанның ауа-райы солтүстік-батыс антициклонмен анықталады. Оның келуімен ауа-райы негізінен жаңбырсыз болады деп күтілуде. Еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі ғана циклон шұңқырының ықпалында болады, бұл жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады. Республикада кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл күтіледі, — деді синоптиктер.