Қазақстанда 23 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 23-24 сәуір аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

23 сәуірге жоспарланған шаралар

20.00 –  Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадырғазы Қуандықовтың қатысуымен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында өтеді – @ musrepov.theatre).

24 сәуірге жоспарланған шаралар

15.00 – Қазақстанда президенттік институттың құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Президенттік басқару тәртібі: конституциялық негіз және саяси тәжірибе» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы. Іс-шараға Қазақстанның және бірнеше шет елдің (Ресей, Франция, Әзербайжан және т.б.) жетекші ғалымдары: тарихшылар, саясаттанушылар, құқықтанушылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары, магистранттар, докторанттар және мектеп мұғалімдері қатысады. Конференцияда тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктері талқыланады.  

(Конференцияны мына сілтемелер арқылы көруге болады: қазақ тілінде – https://www.youtube.com/watch?v=6cxa—E1SyE&feature=youtu.be,  орыс тілінде – https://youtu.be/agSRd-z45hM, ағылшын тілінде – https://youtu.be/R-S9CMMRiLk).

20.00 –  Театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шолпан Сіргебаеваның қатысуымен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында өтеді – @ musrepov.theatre).

22.00 – Қытай ұлттық балеті бағдарламасының онлайн-көрсетілімі. Бағдарлама 2018 жылы жазда Нұр-Сұлтанда «Eurasian Dance Festival» фестивалінде таныстырылған болатын (Трансляция «Астана Балет» театрының ресми YouTube-каналында).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz