Қазақстанда 21 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Sputnik Қазақстан 21 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 22-29 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. 19 наурыздан бастап Алматы мен астана карантинге жабылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

21 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

Балалар кітабы апталығы басталады. Бұл кең ауқымды онлайн-жобаның бастамашысы – Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Sputnik Қазақстан, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, сондай-ақ Ресей елшілігі және «Комсомольская правда» және «Аргументы и факты» газеттері. Іс-шара Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған, онда ресейлік және қазақстандық балалар жазушылары мен ақындары сөз сөйлейді. Олар жас оқырмандарға өз шығармашылығы туралы айтып береді, жаңа туындыларымен таныстырады.

18.00 (БОЛМАЙДЫ) – «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы («Астана балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

22 наурызға жоспарланған шаралар

14.00 (БОЛМАЙДЫ) – Гик-мәдениетке арналған Geek Time Fest 2020 фестивалі (Grand Park ойын-сауық кешені, Қабдолов көшесі, 1).

25 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 (БОЛМАЙДЫ)- Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің «Сен маған сүюді үйреттің» атты шығармашылық кеші («Алатау» концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).

29 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 (БОЛМАЙДЫ)  — «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің «Әз-Наурыз келгенде» концерті («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz