Қазақстанда 2019 жылы күшіне енетін 19 өзгеріс
1. Ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі;
2.»Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы» қабылданады;
3. Мемлекеттік қызметтің 80 %-ы электронды форматта көрсетіледі;
4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 20%-ға көбейеді;
5.1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады;
6. Тіркелмеген sim-карталар істен шығарылады;
7. Жалақысы 25 АЕК-тен (63 125 теңге) төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы 10 есе төмендетіледі;
8. 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерге салық амнистиясы жүргізіледі;
9. Әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды;
10.Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі — 16 037 теңге;
11. Ең төменгі зейнетақы көлемі — 36 108 теңге;
12.Жаңа жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді;
13. 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті;
14. Техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі. Ол кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды;
15.Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі;
16. Сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды;
17.Еңбек кітапшалары электронды болады;
18.Жаңа жылдан бастап темекі қымбаттайды;
19. Күнкөріс минимумының шамасы — 29 698 теңге болады.