Қазақстанда 2019/2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды

0
91

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Құжаттан жаңа оқу жылына мамандықтар бойынша гранттар қалай бөлінгенін көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінген гранттар тізімі мен санын жариялады.

Құжатта жоғары білімді кадрлар, магистранттар, PhD докторларын дайындауға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.

Тізімде толық және қысқартылған оқу түрі аясында белгілі бір мамандықтар бойынша гранттардың саны көрсетілген.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға қарастырылғанын хабарлады.

Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардың балаларын бес мыңға тарта грант бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, 20-30 маусым аралығында Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп, 110 мыңнан астам адам қатысты. Олардың 82 мыңнан астамы шекті балды жинады (50 балл).

ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған гранттарды үлестіреді.



sputniknews.kz