Қазақстанда 2018 жылы 135 шенеунік жемқорлық ісі бойынша жұмыстан қуылған

0

Қазақстанда 2018 жылы 135 шенеунік жемқорлық ісі бойынша жұмыстан қуылған.

Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес агенттігінің мәліметінше, 2018 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдар бойынша жемқорлықтың алдын алуға байланысты 2053 құжат тіркелген. Атап айтқанда ІІМ – 862, әкімшіліктерде – 584, мемлекеттік кірістер бөліміде – 99, денсаулық сақтау министрлігінде – 30, ауылшаруашылығы министрлігінде – 33 жемқорлық фактісі болған.

Аталмыш оқиғаларды тексеру барысында 1211 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде 135 шенеунік жұмыстан қуылған, 76 адам қызметінен алынып тасталған, 190 атқамінерге ескерту жасалып, 281 шендіге қатаң сөгіс жарияланған.

«The Qazaq Times»