Қазақстанда 20 жыл бойы құлдықта болған қырғызстандық әйел бостандыққа шықты

0

Қазақстанда 23 жыл бойы темекі плантацияларында жұмыс істеген қырғызстандық 51 жастағы Зуура Болтоева отанына оралып, сіңлісімен кездесті. Олардың кездесуі 19 қыркүйекте Бішкекте Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамына арналған мерейтойлық іс-шарада өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Азаттық Радиосына» сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Бұрмакан Болтоева осы жылдар бойы әпкесін іздестіріп келген.

«Ол Қазақстанға 1995 жылы кетті. Біз сол кезде қалада тұрғанбыз. Оны елден біреулер алдап әкетті. Әпкемді іздестіріп тауып берген Қызыл Жарты Ай қоғамына алғыс айтамын», — деді Болтоева

Бұрмақанның әпкесі Зуура Болтоева — Қырғызстанның Қара-Құлжа ауданының тумасы. Оны Қызыл Жарты Ай қоғамы мен Астанадағы қырғыз диаспорасының өкілдері іздестірген. Қырғыз азаматшасы құжаттарынан жоғалтып, ұзақ жылдар бойы отанына орала алмай жүрген екен.

Ол Қазақстанда темекі плантацияларында жұмыс істеп, кейін тұрмысқа шыққан екен.

«Темекі плантацияларында жұмыс істедім, кейін тұрмысқа шықтым. Күйеуіммен11 жыл бірге өмір сүрдік, сосын ол қайтыс болды. Қызым екеуміз жалғыз қалдық. Бірақ содан кейін қайын атам мен қайын әпкем баланы жалғыз асырап, тәрбиелей алмайсың деп қызымды менен тартып алды. Ол кезде қызым 11 жаста еді. Қазір ол Қазақстанда тұрып жатыр», — дейді әйел.

Оның айтуынша, осы жылдары ол үш адамға жұмыс істеген, олардың екеуі тіпті оны ұрып-соққан.

Басылымның мәліметінше, Болтоева Бішкекке келген соң оны дәрігерлер тексерген. Енді қазір оның жеке құжаттары дайындалып жатыр.