Қазақстанда 2 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 2 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 3-4 қазанда не жоспарланғанын біле аласыз

2 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Промстрой-Астана 2019» атты XX қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Испания, Италия, Қытай, Солтүстік Кипр, Украина және Швейцарияның кәсіпорындары қатысады («Көрме» кешені, Байланыс телефондары: +7 (7172) 50 73 29).

11.00 – Тауар газы жөніндегі жұмыс тобының отырысы. Негізгі мақсат – негізгі тауар нарықтарындағы бәскелестікті зерделеу. Отырыс кезінде бәсекелестікті тежеп отырған кедергілер және осы тосқауылдарды еңсеру жолдары талқыланады. Жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және кәсіпкерлер қатысады. (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

15.00 – Ұялы байланыс қызметтері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Сол жерде осы саладағы негізгі мәселелер талқыға салынады. (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

3 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан Республикасы травмотологтары мен ортопедтерінің III Съезі және травмотологтардың VII Евразиялық конгресі (Radisson Hotel Astana отелі, Сарыарқа даңғылы, 4. Байланыс телефоны: +7(7172)  54 75 32).

19.00 – «Вокальные Параллели» концерті. Аталған шара танымал опера әншісі Ерік Құрманғалиевті (1959–2007) еске алуға арналған. Оған Қазақстан мен Ресейдің музыканттары қатысады. Ерік Құрманғалиевті «қазақтың Фаринеллиі» деп атап кеткен. Себебі оның дауысы атақты итальян контртенорына ұқсаған. Концерт кезінде Құрманғалиевтің өзі орындаған шығармалар айтылады. («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: 7 (7172) 709 619).

20.50 – Европа лигасының (L тобы) топтық кезеңі аясында «Астана» футбол клубы «Партизан» командасымен кездеседі. («Астана Арена» стадионы, Тұран даңғылы, 54).

АЛМАТЫ

10.00 – «Мүгедек адамдардың қоғамдық өмірдегі инклюзиясы» тақырыбындағы халықаралық форум. Шарада мүгедектердің қоғам өміріне бейімделудің өзекті мәселелері талқыланады. Қатысушыларға осы мәселеге арналған іс-шаралар жоспары да таныстырылады. Форумға Қазақстаның үкіметтік емес ұйымдары, сондай-ақ, Франция, Германия мен Жапонияның мүгедектер ұйымдарының жетекшілері қатысады. («InterСontinentalAlmaty» қонақ үйі, Желтоқсан көшесі, 181. Байланыс телефоны: +7 777 777 6606).

4 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Сұйытылған мұнай газы жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Мұнда осы саланың өзекті мәселелері қаралады (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

15.00 – Медициналық қызметтер мен анализ жасайтын зертханалар жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Жиында бәсекелестікті тежеп отырған кедергілер және тағы басқа проблемалар талқыланады (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

18.00 – Ғарыш апталығының ашылуы. Ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы және American Space in Almaty. Аталған шара әлем бойынша ұйымдастырылады және Аполлон 11 миссиясының Айға қонғанына 50 жыл толуына арналып отыр. Алматыдағы шараға доктор Шэннон Уокер шақырылып отыр. Ол 2004 жылы NASA астронавтарының құрамында болған. Сондай-ақ, 2010 жылғы экспедициясымен бірге ғарышта 163 күн болып қайтты. Ғарыш апталығы аясында 4 қазаннан бастап «дөңгелек» үстелдер, презентациялар, көрмелер, шеберлік сабақтары, конкурстар, ойындар, обсерваторияға саяхат, тегін кинолар, кешкі ойын-сауық ұйымдастырылады (Байланыс телефоны:  +7 777 227 44 16).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz