Қазақстанда 19 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 19 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 20-26 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

19 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасының білім мен ғылымын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы мен 2025 жылға дейінгі жобасы, сондай-ақ, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен 2025 жылға дейінгі жобасы. (Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электронды пошта арқылы жасалады).

11.00 – Бүкіләлемдің қазақ күресі федерациясының халықаралық конгресі («Бейжің сарайы» қонақ үйі).

11.00 – Сенаттың комитет отырысы. Тақырыбы – Жер қойнауын пайдалану және газбен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу. (Сенат, 601 кабинет).

11:00 – Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау қорғау органдары жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді. Күн тәртібінде: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс мен қылмыстық заңнамаға өзгеріс енгізу. (Сенат, 701 кабинет)

20 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Сенаттың жалпы отырысы. (Сенаттың мәжілісі залы. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

10.00 — Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі. Мерекелік жиынтықтар, жаңа жылдық үстелге арналған тәттілер, үй әшекейлері, зергерлік бұйымдар, аң терілері және тағы басқа заттар ұсынылады. Көрме 5 күнге созылады: 20-24 желтоқсан («Көрме» көрме орталығы. Достық көшесі, 3).

16.00 – Қазақ күресінен VIII Әлем чемпионатының  ресми ашылуы. Оған 33 елден 300 спортшы қатысады.  («Дәулет» спорт сарайы).

19.00 — «Вечер в стиле HIT» концерті (Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттің академиялық музыкалық драма театры)

19.30 – Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған «Золушка» балет-ертегісінің тұсаукесері («Астана Балет» театры).

21 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Музыкалық Афроцирк. Шара барысында Кенияның акробаттары өнер көрсетеді. (Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 (7172) 24 40 60, 24 40 61).

АЛМАТЫ

12.00 — «Жаңа жылдық мозаика» музыкалық фестивалі («Мега-Парк» ойын-сауық сауда орталығы. Байланыс телефоны: +7 707 622 24 12).

22 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 — QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

10.00 — «Мен жұлдыз» атты  балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналған I Республикалық конкурс. Байқау бірнеше жанрлық аталым бойынша өтеді. Олар: хореография, вокал, көркемсөз  (Қарағанды, Теміржолшылардың мәдениет сарайы, Мәметова көшесі, 111. Байланыс телефоны: +7 775 909 67 65).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 — Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында «Щелкунчик» балеті («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz