Қазақстанда 18 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 18 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 19-26 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

18 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы (Мәңгілік Ел даңғылы, 2). 

10.30 – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен «Digital Samruk-2019» конференциясы өтеді («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Е10 көшесі, 17/10. Аккредитация +7 (7172) 55 26 89,  +7 (7172) 55 27 10; + 7 700 545 02 01 телефондары немесе press@sk.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.20 – Нұр-Сұлтанның 2019 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты. Жиын орталық коммуникациялар қызметінде өтеді. Спикер: қала әкімі Алтай Көлгінов (аккредитация +7 (7172) 55-93-40 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

16.00 – «Астанаэнергосбыт «ЖШС электр энергиясының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада сату бойынша шекті бағасының жоғарылағаны туралы қоғамдық тыңдау. Ұйымдастырушы: Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті (Алматы ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, мәжіліс залы).

20 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі. Мерекелік жиынтықтар, жаңа жылдық үстелге арналған тәттілер, үй әшекейлері, зергерлік бұйымдар, аң терілері және тағы басқа заттар ұсынылады. Көрме 5 күнге созылады: 20-24 желтоқсан («Көрме» көрме орталығы. Достық көшесі, 3).

19.30 – Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған «Золушка» балет-ертегісінің тұсаукесері («Астана Балет» театры).

22 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 — QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 — Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында «Щелкунчик» балеті («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz