Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз болады

0

Қазақстанда 14-16 қарашада ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады», — делінген хабарламада.

Түңгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 градус аязға дейін ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.