Қазақстанда 17 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 17 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 18-20 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

17 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 — Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Тікелей эфирдің қонағы – Асанәлі Әшімов (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

18 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. «Волшебное кольцо» ертегісін театр актері Әлқуат Төлеметов оқиды (Трансляция театрдың @gorkytheatre_ns инстаграм парақшасында).

18.00 – Актер Владимир Иваненконы еске алу кеші (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Тікелей эфирдің қонағы – Мейрамбек Бесбаев (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

20.00 – Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Максим Ященкомен тікелей эфир (Театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns ресми парақшасында трансляция жасалады).

19 сәуірге жоспарланған шаралар

14.00 – Пасха мерекесіне арналған концерт (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).

18.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» жобасы аясындағы «Театр сауық кеші» айдары. (Трансляция театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns парақшасында жасалады).  

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Тікелей эфирдің қонағы – Самал Еслямова  (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).  

20 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актерлеріі Светлана Фортуна және Иван Анопченкомен «Шығармашылық карантин» жобасы аясындағы тікелей эфир (Театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns ресми парақшасында трансляция жасалады).

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Эфир қонағы – Ақан Сатаев (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz