Қазақстанда 17 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 17 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 18-29 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап елде көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

НҰР-СҰЛТАН

18.00 (БОЛМАЙДЫ) – «Созвучие весенних струн» концерті («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ

10.00 (БОЛМАЙДЫ) –  «Сentral Asia Fashion» көрмесі (Атакент, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс: +7727 3527074).

АЛМАТЫ

10.00 — «Көлік саласында шешім қабылдау. Алматы және өзге қалалар тәжірибесі» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты (Қазақстандық баспасөз клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 (747) 262 20 63)

19 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 (БОЛМАЙДЫ) — Композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Шәмші әлемі» концерт-қойылымы. Жоба авторы — композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов — Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ). Барлық ән «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалады. Қойылымның режиссері – Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі шоуын және басқа да фестивальдер мен концерттерді қойған Андрей Еремин (Украина). («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

21 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 (БОЛМАЙДЫ) – «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы («Астана балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

22 наурызға жоспарланған шаралар

14.00 (БОЛМАЙДЫ) – Гик-мәдениетке арналған Geek Time Fest 2020 фестивалі (Grand Park ойын-сауық кешені, Қабдолов көшесі, 1).

25 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 (БОЛМАЙДЫ)- Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің «Сен маған сүюді үйреттің» атты шығармашылық кеші («Алатау» концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).

29 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 (БОЛМАЙДЫ)  — «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің «Әз-Наурыз келгенде» концерті («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 



sputniknews.kz