Қазақстанда 16 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 16 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 17-29 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

17 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Нұр-Сұлтан әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі алғаш рет 75 шығарма орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына кіруді жоспарлап отыр. Акция Алтын Орданың 750 жылдығына қарсаңында өткізіледі (Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Almaty Symphony Orchestra: «Вивальди & Пьяццола – Времена года» концерті («Қазақстан» орталық концерт залы. Аккредитация: +7 747 134 04 99, [email protected]).

АЛМАТЫ

11.00 – Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды («Жерұйық» саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

АЛМАТЫ

09.00 – Қысқы жүгіру. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа – 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталады). 

12.00 – «Шетелдегі жеке мектептер» көрмесі. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады («Ritz Carlton Almaty» отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – «Astana Ballet presents» жобасы. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді – «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз