Home Жаңалықтар Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу алынып тасталды –...

Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу алынып тасталды – Қазақстан жаңалықтары

0
112

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі басқармасының мамандары жыл басынан бері 4 мыңнан астам адамды тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

балалар

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде екі айда тұрғылықты мекенжайы бойынша 4210 адам тіркелген. Оның 679-ы, оның ішінде балалар бар, уақытша тіркеуге тұрған. Ал 22 ақпаннан бастап Қазақстанның көші-қон заңнамасына өзгерістер енді. Бұдан былай 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің қажеті жоқ.

«Енгізілген өзгерістерге сай енді 14 жасқа толғаннан кейін ғана бала тұрғылықты мекенжайы бойынша, уақытша тұратын жері бойынша тіркеуге алынады. ҚР Азаматтық Кодекстің 16 бабына сәйкес 14 жасқа толмағандардың немесе қамқорлықтағы тұлғалардың тұратын жері болып олардың заңды өкілдерінің мекенжайы есептеледі», – деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілев.

Мамандардың айтуынша, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Азаматтық Кодексті негізге ала отырып, мемлекеттік қызмет көрсету барысында баланың мекенжайын көрсету үшін ақпараттық жүйеден ата-анасының бірінің тіркелгендігі жөніндегі мәліметті алуы тиіс.

stan.kz