Қазақстанда 128 жоғары оқу орны бар: Жоғары білім саласында өзгерістер болды

0
349
  • Қазіргі уақытта елімізде 128 жоғары оқу орны бар.
  • 25 мемлекеттік жоо 100% мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) болып қайта құрылды.
  • Жоғары оқу орындарында директорлар кеңестері құрылды, құрылымы мен штат саны бекітілді.
  • Жоғары оқу орындарында есептілік қысқартылды. Енді сынақ кітапшалары, комиссия хаттамалары, оқытушылардың оқу уақытын есепке алу ведомостары, кафедраның жұмыс жоспары және тағы басқа құжаттарды толтырудың еш қажеті жоқ.
  • Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттерді қабылдайтын ЖОО тізіміне 36 оқу орны кірген жоқ.
  • Мемлекеттік жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс құны 342 мыңнан 955 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 635 мыңнан 1 082 600 теңгеге дейін өсті.
  • Докторантурада мемлекеттік тапсырыс құны 1 307 000 теңгеден 1 900 000 теңгеге дейін өсті.
  • 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы кем дегенде 25 пайызға өсті. Бұл мемлекеттік тапсырыс құнынын арттыру арқылы мүмкін болды.
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз