Қазақстанда 12 мамырдан бастап қанша рейс жанданды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда 13 қаладан рейстер жанданады, деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

Төрт әуекомпания Air Astana, SCAT, Qazaq Air және Fly Arystan Нұр-Сұлтан мен Алматыны Семеймен, Өскемен, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай қалаларымен байланыстыратын тұрақты рейстерді қалпына келтіреді.

Азаматтық авиация комитетінде түсіндірілгендей, рейстер санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда орындалады:

— жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, қолғаптар) пайдалану;
— әуе кемесіне отырар алдында термометрияны, әлеуметтік қашықтықты жүргізу;
— әуежайлар мен әуе кемелерін дезинфекциялау.

11 мамырдан бастап жолаушыларға ұшар алдында коронавирусқа ПТР тесттерін тапсырудың қажеті жоқ.

12 мамырдан бастап қандай рейстер басталады:

12 мамырдан бастап Air Astana Алматы — Ақтөбе, Алматы — Қызылорда бағытында бес рейсті орындайды.

13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан — Ақтөбе, Ақтөбе — Алматы, Нұр-Сұлтан — Қызылорда, Алматы — Өскемен бағытында рейстер басталады.

14 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан — Өскемен бағыты бойынша төрт рейс ашылады.

16 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан — Ақтөбе, Нұр Сұлтан — Тараз, Алматы — Қарағанды, Алматы — Көкшетау бағытындағы тоғыз рейсті қалпына келтіреді.

13 мамырдан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы: Нұр-Сұлтан-Қостанай, Нұр-Сұлтан-Павлодар (10-40) рейстерін бастайды, барлығы осы бағытта үш рейс орындалады.

Сонымен қатар, 12 мамырдан бастап Fly Arystan өз жұмысын бастайды: Алматы — Павлодар (18-25), Алматы — Семей.

13 мамырдан бастап лоукостер ұшағы Нұр-Сұлтан мен Алматыны Қостанаймен байланыстырып (1 рейс), Нұр-Сұлтан мен Семейді (2 рейс) байланыстырады.

15 мамырдан бастап үш рейс Алматы — Қарағанды, Алматы — Қостанай ​​бағыты бойынша қайта жанданады.

Болашақта жағдай жақсарған жағдайда ішкі рейстер мен бағыттардың санын, сондай-ақ әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылатын болады.

 

stan.kz