Қазақстанда 11 тамыз тыныштық күні болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Парламент сенаты сайлауы алдындағы үгіт-насихатқа 18 күн қарастырылған. Үгіт 11 тамыз күні сағат 00.00-де аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Сенат сайлауы алдында 11 тамыз тыныштық күні болады. Бұл туралы Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

13 маусымнан бастап сенат депутаттығына кандидаттар ұсыныла бастайды. Ол 30 күнге созылып, 12 шілдеде аяқталады. Үміткерлерді тіркеу тиісті құжаттар ұсынылғанына қарай басталып, 23 шілдеде тоқтайды.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева қайтадан сенатқа бара ма – сарапшылар болжамы  

«Сайлау алдындағы үгітке 18 күн қарастырылған. Сайлау алдындағы үгіт 11 тамызда 00.00-де аяқталады. 11 тамыз – тыныштық күні, ал 12 тамыз – дауыс беру күні», — деді Петров сенат депутаттарын сайлау бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітуге арналған отырыста.

Сайлау қорытындысы 18 тамызға дейін анықталады.



sputniknews.kz