Қазақстанда 10 тамызда қандай іс-шаралар өтеді

0
67

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Nur-Sultan Cup» стритболдан турнир өтеді. Әр командада 4 ойыншыдан болуы керек (3 ойыншы алаңда және 1 қосалқы ойыншы) Алғашқы үштікке енген командаларға кубок, диплом мен медаль беріледі (Орталық саябақ, көлік тұрағы аймағы). Байланыс телефоны: +7 707 431 31 78, +7 700 253 04 72).

12.00 – иесіз ит пен мысық жәрмеңке-көрмесі өтеді. Көрмеге 25 ит пен 15 мысық қатысады («Астана» киноконцерт залының алаңы (бұрынғы Конгресс-Холл). Байланыс телефоны:  +7 702 192 22 12).

13:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында «Нефтехимик» – «Салават Юлаев» командалары кездеседі. («Барыс Арена» мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

16.00 – Шағын футболдан Қазақстан чемпионатының Play-off раунды ойындары. Турнирге 50 команда қатысады. 11 тамыз күні сағат 14:00-де жартылай финал ойындары болады. 18:00-де – финал, 19:00-де – марапаттау рәсімі және турнирдің жабылуы  («Тарлан Арена» спорт кешені, Тәуелсіздік көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 778 552 2235, +7 702 121 3739, +7 747 313 9101).

17:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында «Автомобилист» – «Барыс» командалары кездеседі. («Барыс Арена» мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

19.30 – Жүрек саулығы айы шеңберінде жыл сайынғы қайырылымдық вело шеруі өтеді. Шара аясында Moldanazar тобының концерті өтеді. Велошеруге 16 жастан жоғары адамдар қатыса алады. Велошеруге жүрек орталығының сайты www.hcenter.kz арқылы тіркелуге болады. (Спорттық шара Тұран даңғылы 38, «Ұлттық ғылыми кардио орталығы» АҚ-ның көлік тұрағынан басталады. Байланыс телефондары +7 (7172) 55 69 71).

22.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында «Бүркіт аңшылығы» сайысының екінші кезеңі өтеді (№1 жаттығу «Табу және көзін жою»). Пилотсыз ұшатын аппараттар кешендері жасақтарының жарысына 5 мемлекет қатысады: РФ, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай. (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

АЛМАТЫ

10.00 – «Песочница» арт-фестивалі өтеді. (Аул Resort этно-кешені, Іле Алатауының баурайы, Алматы – Бішкек тасжолының жоғарғы бөлігі. Байланыс телефондары +7 (708) 212 70 01, +7 (701) 733 63 79).

17.00 – түрмеде отырған кқпбалалы аналарға азық-түлік, кітап, журнал және ақшалай көмек жинау акциясы өтеді. Шараны «Дело многодетных матерей» қауымдастығы ұйымдастырып отыр (Өтетін орны: Жаңа арбат, Қабанбай батыр көшесі, Нұр-Сұлтан қаласында Респбулика және Кенесары көшелерінің қиылысындағы Халық банк ғимаратының маңында, Талдықорғанда Жаңа арбат (Біржан сал көшесі).

19.00 – Velo Almaty вело шеруі өтеді. Спорттық шара Алматы қаласы әкімдігінің және «Алматы Спорт» қоғамдық ұйымының қолдауымен өтеді, әрі қалада көлік қозғалысы шектелмейді. Велошеру 7 шақырымды құрайды. (28 гвардияшылар паркі, байланыс телефондары +7 (777) 240 0933).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

22.00 – Халықаралық армия ойындары аясында түнде әуе барлау жұмысын атқарудың екінші кезеңі өтеді. Жарысқа бес ел қатысып жатыр: Ресей, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай. (40-шы әскери базаның Гвардейский полигоны).

11 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында «Автомобилист» – «Ак Барс» командалары кездеседі. («Барыс Арена» мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

17:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында «Салават Юлаев» – «Барыс» командалары кездеседі. («Барыс Арена» мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – Орталық Азиядағы ең ірі Race Nation Kazakhstan спорттық шарасы өтеді. («Алатау» стадионы, Солдатское шатқалы, Байланыс телефондары +7 705 602 42 49).

14.00 – қазақтың ұлттық тағамдары мен тарихи костюмдеріне арналған фестивальдің ашылу салтанаты өтеді. Шара 11-17 тамыз аралығында ұйымдастырылады. Фестивальге қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Ұлы дала халықтарының ұмыт болған ас рецептілерімен таныса алады. Сондай-ақ қонақтар қазақ ұлттық киімдерінің қалай тігілетінін біле алады. (Үшқоңыр үстіртінің етегі, Nomad этноорталығы, Байланыс телефондары +7 (777) 781 55 99).

12 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – 12 жасқа дейінгі балалар арасында командалық теннистен Азия біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді. Шараға 15 мемлекет: Қазақстан, Йемен, Ливан, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Непал, Тайланд, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Иран, Филиппины, Индонезия және Тайвань қатысады.
Теннистен Қазақстан намысын Полина Слепцова, Зара Даркен, Іңкәр Дүйсебай, Әмір Омарханов, Артем Сидоров, Ерасыл Бахтияр қорғайды.

10.00 – Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, Батыс-Азия өңірінде теннисті дамыту ITF комитетінің мүшесі Амир Боргей (Иран), турнир директоры Айя Оспанова, турнирдің судьясы Антон Игнатченконың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. (Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы 4/2, Байланыс телефондары +7 702 842 77 47).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстанның қор биржасы медиа брифинг өткізеді. Жиын барысында қор нарығының 2019 жылдың шілде айында атқарған жұмысы жайлы статистикалық мәлімет айтылады. Спикер: KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк («Almaty Towers»көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280. Аккредитация: +7 (727) 237 53 42, [email protected]).

12.00 – «Журналистің жұмысына кедергі жасауға жол бермеу» баспасөз мәслихаты. Қатысушылар: «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Қалеева, адвокат Айман Омарова, «Азаттық» радиосының журналисі Тоқмолда Құсайынов, Қазақстандағы адам құқығы және заңды сақтау халықаралық бюросының журналисі Андрей Гришин  (қазақстандық баспасөз клубы, «Самал-2» шағын ауданы, 58, «Сәтті» тұрғын үй кешені. Аккредитация: +7 (727) 264 71 13, +7 747 262 20 63).

12.00 – Төрт елдегі (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) Central Asia»s Got Talent телевизиялық жобасының қазылары тыңдалым өткізді. Осыған орай баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Хабар» телеарнасының бағдарламалық директоры Айкүміс Сексенбаева, Central Asia»s Got Talent шоуының бас продюсері Серік Әкішев, сондай-ақ, халықаралық қазылар алқасының мүшесі Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан), Ситора Фармонова (Өзбекстан), Аловуддин Абдуллаев (Тәжікстан) (Ғабит Мүсірепов атындағы театр. Аккредитация: +7 701 144 52 89,  [email protected]).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

22.00 – Халықаралық армия ойындары аясында «Уверенный прием» радио байқауының төртінші кезеңі өтеді (байланыс әскері мамандарының жарысы) Байқаудың финалы 14 тамыз күні болады (40-шы әскери базаның Гвардейский полигоны).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz