Қазақстанда 10 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

0
94

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Sputnik Қазақстан 10 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 11-19 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

10 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – ҚР Ұлттық ұланның ән және би ансамблінің гала-концерті («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел, 10/1. Байланыс телефоны: 8 (7172) 72 41 93).

19.00 – «Дядя Ваня» спектаклі сахналанады (Astana Opera театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 – Шығыс биі бойынша Amar Cup Festival халықаралық конкурсы («Бәйтерек» сауда орталығы, Алатау шағын ауданы, Мамыр көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 708 517 49 88).

11 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Дядя Ваня» спектаклі қойылады (Astana Opera театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

14.00 – «Время Ангелов» атты авторлық интерьерлік қуыршақ көрмесінің ашылуына орай баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі).

16.00 – «Время Ангелов» авторлық интерьерлік қуыршақ көрмесі өтеді. Шарада қайырымдылық аукционы ұйымдастырылып, одан түскен қаражат муковисцидоз дертіне шалдыққан балаларға беріледі. Көрмені Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы, Қазақстандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі мен «Центр Вселенной кукол» атты Қазақстанның қуыршақтар қауымдастығы ұйымдастырады. Шарада 49 өнер туындысы қойылады. Көрме 26 қаңтарға дейін жұмыс істейді. Қайырымдылық аукционы 26 қаңтар күні сағат 16.00-де өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 777 29 89 049, +7 777 383 5414).

12 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12.00 – KazakhCon ойын фестивалі өтеді. Шара орыс және ағылшын тілінде ұйымдастырылады. Кіру тегін. Фестиваль екі күн сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін өтеді (12-13 қаңтар). (Narxoz, Жандосов көшесі, 55. Байланыс телефоны: +7 701 512 1333).

17.30 – «Ескі Жаңа жыл» концерті өтеді. Шара аясында Еркен Мұрзағалиевтің жетекшілігімен Ad libitum камералық оркестрі өнер көрсетеді. Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Юрий Дороховский, концерттің жүргізушісі – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин («Белый Рояль» галереясы, Абай даңғылы, 150/230. Байланыс телефоны: +7 727 393 35 06).

13 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Музыкальный перекресток» концерті. Кештің қонағы – Қырғызстанның халық әртісі, скрипкашы Эрнис Асаналиев. Сондай-ақ сахнада Қазақстанның танымал музыканттары: Бағдат Әбілханов (скрипкашы), Айсұлу Байкенова (скрипкашы), Евгения Каримова (скрипкашы), Ермек Құрманаев (виолончель), Анара Камельинова (фортепианошы) өнер көрсетеді.

АЛМАТЫ

16.00 – «Ночь перед Рождеством в Гамельне» қайырымдылық спектаклі өтеді. Концерт «Время Ангелов» авторлық интерьерлік қуыршақ көрмесінің аясында ұйымдастырылады (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 ықшамауданы, 22/1).

19 қаңтарға жоспарланған шаралар

12.00 – «В театр приглашают дети» концерті өтеді. Онда «Астана Опера» театрының балалар театр студиясының тәлімгерлері өнер көрсетеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz