Қазақстанда 1 желтоқсаннан техникалық құжаттың жаңа үлгісі енгізіледі
2018 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап Қазақстанда көлікерге техникалық құжаттың жаңа үлгісі енгізіледі. Бұл туралы Кolesa.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жаңарған техникалық құжаттарда арнайы чиптер мен ультракүлгін қорғаныс элементтері болады. Сонымен қатар көлікке қатысты толық ақпарат жазылу үшін арнайы жолақ пайда болады.
Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірінші желтоқсанға дейін көліктерін рәсімдеген көлік жүргізушілері ескі үлгідегі құжатты пайдалануды жалғастыра береді және көлікті қайта тіркеген жағдайда жаңа үлгідегі техникалық құжат алады.