Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап автокөліктерге жаңа техпаспорт беріледі

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1285501

Техникалық паспорттарды ауыстыру осы жылдың 1 желтоқсанынан басталады және кезең-кезеңімен жүргізіледі

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. 17 қазанда Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов автокөлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерге, қарапайым тілмен айтқанда, автокөліктердің техникалық паспорты үшін жаңа бланкілер  енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат «Параграф» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды.

Автокөліктің жаңа техникалық паспортында бұрынғы құжатқа қарағанда меншік иесі туралы әлдеқайда көп мәлімет көрсетіледі. Бұрынғы техпаспорт меншік иесі мен оның көлігі туралы 11 ақпаратты ғана қамтитын. Жаңа құжатта интегралды микросхема – қазақстандықтардың жеке куәлігіндегіге ұқсас чип болады. Онда 21 пункттен тұратын көлік иесі және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат сақталады.    

Көлік иесінің тегі, аты және әкесінің аты, мемлекеттік нөмір белгісі, кузов және шасси нөмірлері, маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқыш көлемі, автокөліктің түсі, санаты және рұқсат етілген жүктің салмағы, Қазақстанда алғаш тіркелген күні, көлік құралын қайта жабдықтау туралы мәлімет, иесінің ЖСН немесе БСН-і және тағы бірнеше пункт қарастырылған.

Қол қойылған бұйрықта көрсетілгендей, қажет болған жағдайда қажетті ақпараттың тізімі өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін.  

Сонымен қатар құжатта бұйрық күшіне енгенге дейін берілген бұрынғы техникалық паспорт күшін жоймай, жаңа тіркеу куәліктерімен бірге пайдаланыла беретіні аталып өткен. Ол автокөлікті сатып алу немесе сату және оны қайта тіркеу процесі кезінде ғана алмастырылады.