Қазақстанда 1 сәуірден бастап айыппұл мөлшері өсті  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүргендерге 7 АЕК немесе 19 446 теңге көлемінде айыппұл салынады

АЛМАТЫ, 9 cәуір – Sputnik. Қазақстанда 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеден 2 778 теңгеге дейін өсті. Бұл өзгеріс айыппұлдарға қалай әсер еткенін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.  

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) салық түрлері мен мемлекеттік баж секілді төлемдер, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылады.

Коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кездегі «танымал» айыппұлдар

Карантин режимі ережелерін бұзғаны үшін – 5 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін немесе 13 890 теңгеден 27 780 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.  

Заңсыз кәсіпкерлік қызмет – 2 000 АЕК немесе 5 миллион 556 мың теңге.

Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру – 7 АЕК немесе 19 446 теңге.

Айта кетейік, Қазақстанда жылдамдықты арттырғаны үшін 5 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін немесе 13 890 теңгеден 83 340 теңгеге дейін айыппұл салынады.

Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы

Ең төмен зейнетақы көлемі – 40 441 теңге (өзгерістер енгізілгенге дейін – 38 636 теңге), ең төмен күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (өзгерістер енгізілгенге дейін – 31 183 теңге).  

Ең төмен базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 17 641 теңге болып бекітілді (өзгерістер енгізілгенге дейін – 16 839 теңге).

Ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болып өзгеріссіз қалды.



sputniknews.kz