Қазақстанда 1 қаңтардан бастап темекі тағы қымбаттайды
Елімізде темекі өнімдері 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы бір қымбаттайды.
Үкімет қабылдаған түзетулер бойынша бөлшек саудада темекінің 20 талдан тұратын бір қорабының ең төменгі бағасы 1 қаңтардан бастап 380 теңге болады.
Қазақстанда темекі өнімдері (сүзгілі, сүзгісіз, папирос) әр алты ай сайын 20 теңгеге қымбаттап отырады. Былтыр шылымның бір қорабының ең төменгі бағасы 320 теңге, кейін 340 теңге болды, Үкіметтің 2007 жылғы 4 сәуірдегі “Сүзгілі, сүзгісіз темекілер мен папиростардың бөлшек саудадағы ең төменгі құнын белгілеу туралы” қаулысына енген түзетулерге сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап темекінің бір қорабының ең төменгі бағасы 360 теңге шамасында белгіленді.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!