Қазақстанда 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы көтерілетіні белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің баспасөз конференциясында биылғы жылдың 1 маусымынан бастап кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы өседі

Өз сөзінде Смайылов таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру мерзімін биылғы жылдың 1 шілдесінен 1 маусымға жылжыту туралы тапсырма бергенін атап өтті. 

Қаржы министрінің сөзінше, осыған байланысты, аталған мақсатта қосымша 37,8 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. 

«Алушылар контингентінің аясы бұрынғыша, яғни 1,5 млн адам. Білім беру саласында — балабақша тәрбиешілері, олардың көмекшілері, колледж оқытушылары, мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар және басқа да жұмысшылар. Денсаулық сақтау саласында — дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер, медбикелер, лаборанттар, санитарлар, жұмысшылар, жүргізушілер және басқалары. Әлеуметтік салада, мәдениет пен спортта, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда — азаматтық қызметшілер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, сонымен қатар орта және төмен буындағы облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер», — дейді министр.

Шығын көлемін өзгерту туралы ұсыныс мемлекет басшысының келісіміне жіберілген. 

«Бұл 37,8 млрд теңгені құрайды және мемлекет басшысының келісіміне жіберілді. Содан кейін таяу күндері аталған сома 2019 жылға арналған нақтыланған бюджетте қабылдануы үшін Парламентке жіберіледі. Бюджет қазіргі уақытта Парламент қарауында жатыр», — дейді Әлихан Смайылов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz